421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

  • 201
  • UPD: 16:48, 18.08.2020
Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның Д.Қонаев шағынауданында 9 қабатты үйде болғаны жөнінде ақпарат бүгін сағат 13:20-да түскен. Тоғызыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен 2015 жылғы бала сол жерде жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Хабар 24 телеарнасы