420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жер үйдегі өрттен екі адам көз жұмды

  • 277
  • UPD: 16:59, 18.08.2020
Семейде жер үйдегі өрттен екі адам көз жұмды ҚазАқпарат

Семей қаласында жер үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шәкәрім көшесіндегі жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көрген көршілері бірден өрт сөндірушілерге хабарласқан. Ал сол кезде үйдегі отбасы мүшелері қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан. Бір уақытта үй иесінің 1997 жылғы ұлы оянып кетіп, жұбайы мен балаларын өзге бөлмеге апарады. Ал әкесін оятуға жүгіре жөнелген ол есінен танып қалған екен.

Хабар 24 телеарнасы