420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда полиция той өтіп жатқан жерді әншінің дауысынан тауып алды

  • 342
  • UPD: 20:12, 18.08.2020

Карантинге қарамастан Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде жас жұбайлар үйлену тойын жасаған. Сол маңда рейдте жүрген мобильді топ тойханадан шыққан әншінің дауысын естіп, тексеруге барады.

Билеп жүрген қонақтардың ешқайсысы да бетперде тақпаған, арақашықтық туралы айтудың өзі артық. Нәтижесінде той тоқтатылып, мейрамхана қожайыны жауапқа тартылды. 

Ерлан Есжанов, Михайлов полиция бөлімінің басшысы: 

- Аталған оқиға бойынша хаттама толтырылып, санитарлық дәрігерлерге жолданды. Ал тойхана қожайыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы