424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы саяжайда өрттен әйел адам көз жұмды

  • 186
  • UPD: 23:40, 18.08.2020
Петропавлдағы саяжайда өрттен әйел адам көз жұмды

Петропавлда екі жерде өрт тіркеліп, бір адам мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай департаментінің басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, бірінші өрт Мұқанов көшесінде тіркелді. Екі қабатты үй қызыл жалынға оранған. Үйдің жанындағы құрылыс толығымен өртеніп, үйдің шатырына зақым келген. Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануына электр тоғының тұйықталуы себеп болған. Екінші өрт кешке қарай «Мичурино» бау-бақша қоғамында болған. Саяжайдағы үйде болған өртті сөндіру барысында әйел адамның мәйіті табылды. Өрттің және әйелдің өлімінің себебі анықталып жатыр.

«Өткен аптада облыста 10 тұрмыстық өрт тіркелген. Бір адам жарақат алды. 11 тамыз күні Айыртау ауданындағы Воскресеновка ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болған. Үй иесі 1-2 дәрежелі 7% бас терісінің, оң білектің термиялық күйігін алды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны үйіне жіберді» деді Н.Атығаев брифингте.

Хабар 24 телеарнасы