426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықта жанып жатқан пәтерден әйел адам құтқарылды

  • 168
  • UPD: 10:08, 19.08.2020
Арқалықта жанып жатқан пәтерден әйел адам құтқарылды

17 тамыз күні Қостанай облысы Арқалық қаласында Горбачев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.

Екі қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер жанған.

Ұйықтап жатқан 1974 жылғы әйел таңертең жалыннан тұншығып оянған. Ол бірден көшеге шығып, көршілерін көмекке шақырады. Сағат 08:10-да олар 101 қызметіне хабарлаған.

Тұрғын үйдің есіктері іштен жабылып қалғандықтан, өрт сөндірушілер пәтерге екінші қабаттың терезесі арқылы кірді.

Өрт сағат 09:04-те ауыздықталды және 09:15-те сөндірілді. Жану аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады. Өртке толық сөнбеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы