420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда полиция көлігі жыраға түсіп кетті

  • 310
  • UPD: 12:07, 19.08.2020
Маңғыстауда полиция көлігі жыраға түсіп кетті

18 тамыз күні 16:00 шамасында Ақтау – Шетпе – Бейнеу тасжолында полиция көлігі жыраға құлап кетті.

Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол апатына Mercedes-Benz, Hyundai Solaris және полицияның қызметтік көлігінің қатысы бар.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жол оқиғасына қашықтықты сақтамай Hyundai Solaris көлігімен соқтығысқан Mercedes-Benz жүргізушісі кінәлі. Соққы салдарынан Hyundai Solaris қарама-қарсы жолға шығып кетіп, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан.

Оқиға патрульдік көліктің бейнетіркеуіне жазылып қалған. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

– Құқықбұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама жасалды, - делінген.

Жол апатына кінәлі адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Хабар 24 телеарнасы