loader

Батыс Қазақстанда кен орнындағы вагондар жанып кетті qazaqparat.kz

Батыс Қазақстанда кен орнындағы вагондар жанып кетті

Батыс Қазақстан облысындағы кен орнында вагондар өртенді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 18 тамыз күні сағат 02:21-де Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев газконденсат кенішінде болды. «БекЖол – Құрылыс» ЖШС-ның вагондары жанды. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-ның 14 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан жеті вагон мен ондағы мүліктер отқа оранды. Өрт сағат 04:49-да сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Сондай-ақ...