429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жеңіл көлік велосипедшіні қағып кетті

  • 156
  • UPD: 12:15, 20.08.2020
Ақтөбеде жеңіл көлік велосипедшіні қағып кетті

Ақтөбеде жеңіл көлік велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

17 тамыз күні сағат 20:50-де «Kia Sportege» автокөлігінің жүргізушісі Ғ.Жұбанова көшесі жағынан Әз-наурыз көшесі бағытында жүріп келе жатып, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беру сигналын қосқан кезде осы бағыттағы жаяу жүргіншіге жол бермеген. Салдарынан 6 сынып оқитын велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші Жедел медициналық аурухарнасына жүгінді, тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы