420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда бағдаршамға көлік соғылды

  • 151
  • UPD: 12:46, 20.08.2020
Нұр-Сұлтанда бағдаршамға көлік соғылды

Нұр-Сұлтан қаласында жол апаты болып, көлік бағдаршамға соғылды, деп хабарлады Tengrinews.kz

Жол-көлік оқиғасы 19 тамызда шамамен сағат 22:15-те болған.

«Toyota Camry маркалы автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Бейбітшілік көшесі бойымен Әуезов көшесінің қиылысында Mitsubishi Lancer-ге жол бермеген. Салдарынан Mitsubishi Lancer автокөлігі инерциясмен бағдаршамға барып соғылған», - деді полицейлер.

Полициядағылар Mitsubishi Lancer жолаушысының медициналық мекемеге жеткізілгенін айтты. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ал Toyota Camry көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Хабар 24 телеарнасы