426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында спортшыны пышақтап кеткен

  • 309
  • UPD: 15:41, 20.08.2020
Қарағанды облысында спортшыны пышақтап кеткен factum.kz

Бұл туралы patriotkaragandy парақшасында хабарланды.

Бүгін түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 24 жастағы спортшыны пышақтап кеткен. Жергілікті тұрғындар төбелес, атыс болғанын айтады.

Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 1:00-де Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілген спортшы есін жимастан көз жұмған.

Қазір «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер іздестірілуде.

Хабар 24 телеарнасы