428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында пәтер өртінен әйел адам көз жұмды

  • 280
  • UPD: 11:35, 21.08.2020
Алматы облысында пәтер өртінен әйел адам көз жұмды

Қаскелеңде пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлады inalmaty.kz Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаскелең батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтеріндегі өрт туралы хабарлама 20 тамыз күні сағат 17:45-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жетті. Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген. Өрт сағат 18:32-де сөндірілді.

ТЖД қызметкерлері 20 адамды эвакуациялап, төрт адамды құтқарды. Тұрғын үйдің елу тұрғыны сыртқа өздері шыққан.

«Пәтер иесі тез арада Қаскелең аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Өкінішке қарай, ол есін жинамастан қайтыс болды. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы