421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды

  • 226
  • UPD: 16:10, 21.08.2020
Павлодарда жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды

Павлодарда жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды.

Өрттің шығуына жоғарғы қабаттағы пәтердің балконынан ұшып түскен темекі тұқылы себеп болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесіндегі бес қабатты үйдегі өрт туралы хабарлама «101» пультіне 12:23-те түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі күштері мен құралдары жіберілді.

– Өрт орнына келген кезде №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барлау жүргізіп, екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде балалардың бар екенін анықтады. Қарауыл бастығы Асланбек Тілембаев өз қызметкерлеріне үш иінді баспалдақпен екінші қабатқа көтерілуге команда берді. Бөлімше командирлері Сұлтан Жасқайратов пен Нұрбек Шапенов баспалдақпен пәтерге көтеріліп, терезе арқылы 2014-2015 жылы туған екі ұлды шығарды, - дейді департаментте.  

Балалардың анасы емізулі баласымен дүкенге кетіп, балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам өздігінен сыртқа шыққан.

Оқиға орнында бес техника және облыстық ТЖД  өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері жұмыс істеді. Тілсіз жау 12:37-де ауыздықталып, 12:45-те толығымен сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы