424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚТЖ» компаниясы Павлодар облыстық филиалының басшысы тергеліп жатыр

  • 241
  • UPD: 22:18, 21.08.2020
«ҚТЖ» компаниясы Павлодар облыстық филиалының басшысы тергеліп жатыр

«Қазақстан теміржолы» компаниясы Павлодар облыстық филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оған құны 1 млн теңгеден асатын 5 жарым тонна жанар-жағар майды заңсыз именденді деген айып тағылды.

Қарағанды облыстық жемқорлыққа қарсы қызметі «Сәтпаев қалалық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады. Ол құрылыс компаниясының өкілінен 400 мың теңге пара алды деген күдік бар.

Солтүстік Қазақстанда облыс әкімі аппаратының басқарма жетекшісі мен оның орынбасарына қатысты тергеу басталды. Оларға да мердігер компаниядан 2  млн 600 мың теңге пара алды деген айып тағылды. Күдіктілер қазір қамауда отыр.

Хабар 24 телеарнасы