426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

  • 239
  • UPD: 22:26, 21.08.2020
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 тамызда сағат 18:40 кезінде «Toyota Corolla» көлігін тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші Керей, Жәнібек хандар көшесі жағынан Қабанбай батыр даңғылы бойымен келе жатып, Орынбор көшесінің қиылысында бағдаршамның белгісімен солға қарай бұрылар кезде басқа көлік құралына жол бермеген. Осының салдарынан «Hyundai» маркалы жедел жәрдем көлігімен соқтығысты», - делінген қалалық ПД мәліметінде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Corolla» жүргізушісі мен жедел жәрдем бригадасы қызметкерлері түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Осы ЖКО бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы