426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түнек, қорқор, музыка. Астыртын жұмыс істеген кафе әшкереленді

  • 141
  • UPD: 10:20, 23.08.2020

Елордада дәмханалар мен кафелерды қадағалау мақсатында рейд жүріп жатыр. Мәселен, өткен түнде жасырын қызмет еткен демалыс орындарының бірі әшкелеренді.

Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекеті тәртіпке бағынбағандардың үстінен түсті. Олар карантин талаптарын ескермеген. Сенбі, жексенбі күндері түнгі уақытта жұмыс істегенімен қоймай, ішіне шамадан тыс көп адам кіргізген. Сондай-ақ келушілердің тең жартысы бетперде тақпаған. Ескертулер мен айыппұлға қарамастан бірқатар бизнес субьектілері қайта тәртіп бұзуды тыймай тұр. 

Саруар Елеупов, Сарыарқа ауданы ПБ учаскелік инспекторы:

- Арнайы рейд шарасы барысында демалыс күндері енгізілген шектеулерге қарамастан бірқатар кафе карантин тәртібін бұзды. Мәселен, қазір біз Кенесары көшесінде, кальян шегуге арналған демалыс орнында тұрмыз. Тексеріс барысында бір бөлмеде 20-дан астам адамның жайғасқанын көріп тұрмыз. Келушілер мен аталған мекеме басшылығының өкілдері Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізіледі. Хаттама толтырылып, айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы