420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда пәтерінде ішімдік сатуды қоймаған әйел сотта жауап беретін болды

  • 192
  • UPD: 14:00, 23.08.2020
Екібастұзда пәтерінде ішімдік сатуды қоймаған әйел сотта жауап беретін болды

21 тамызда полиция қызметкерлері аталған пәтердің 39 жастағы иесіне келген тұрғынға 200 теңгеге 100 грамм этил спиртін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы пабликтерінің бірінде Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі пәтерде отбасы спирттік ішімдіктерді заңсыз қолданғаны туралы шағым жарияланды.

«Бұл отбасыға 2019 жылғы 9 қазанда ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы 3-бөлімі бойынша «Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша сот 24000 теңгеден астам айыппұл тағайындады. Алайда олар бір айдан кейін қайтадан заңсыз қызметпен айналысуды жалғастырды және ҚР ӘҚБК-нің 463-бабы «кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша жазаға тартылды (баптың санкциясы шамамен 38 000 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді). Шілде айында заңсыз сатушыларға қатысты тағы да шағым түсті. ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы бойынша жауапқа тартылғаннан кейін олар қайтадан 28000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі, сондай-ақ ҚР ӘҚБК-нің 463-бабына сәйкес 42 000 теңгеге айыппұл салынды», - дейді департаментте.

Бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылғанына қарамастан заңсыз кәсіпкерлік қызметті жалғастырған отбасыға қатысты іс бойынша материалдар әйелді жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы