426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті

  • 397
БҚО-да 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті

Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 23 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында болған. Сағат 16.30-да 2001 жылғы тұрғын Мұратсай су қоймасында тізесінен келетін суда киімшең тұрып, селфи жасаған. Алайда абайламай, су астындағы тереңдігі 2-3 метр шұңқырға құлап, батып кеткен. Марқұмның денесін сағат 17.00-де жергілікті тұрғын шығарып алды.

Хабар 24 телеарнасы