420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде қолдан жасалған әткеншектен құлаған бала көз жұмды

  • 241
  • UPD: 12:10, 24.08.2020
Жаңаөзенде қолдан жасалған әткеншектен құлаған бала көз жұмды

Өткен демалыс күндері елімізде балалардың қатысуымен 7 қайғылы оқиға болды.

Салдарынан 3 бала көз жұмып, 5 бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

22 тамызда түнде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының «Пригородное» саяжай қоғамы саяжай тұрғын үйінде қатты отынмен жанатын пештің ақауынан 2017 жылы және 2012 жылы туған балалар газдан уланып, ауруханаға жатқызылды.

22 тамызда кешкі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданында 14 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған қыз бала 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

22 тамызда Алматы облысы Алакөл ауданы Ақшы ауылы Алакөл көлінде гидроциклдің соқтығысуы салдарынан 2012 жылы туған бала бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

22 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы М.Жүсіп ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік өртенді. Өрт салдарынан 2018 жылы туған қыз баланы күйік шалып, ауруханаға жатқызылды, ол кейін қайтыс болды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

23 тамыз күні Алматы қаласы Наурызбай ауданында тұрғын үйдің ауласында өзінің абайсыздығынан тереңдігі 4 метр жертөле терезесіне арналған шұңқырға құлаған 2010 жылы туған ер баланы Алматы қаласы құтқару қызметінің күштері алып шықты, бала ауруханаға жатқызылды.

23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында жеке үйдің ауласында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2016 жылы туған қыз бала тереңдігі 2,5 метр ашық құдыққа құлап, суға батып кетті.

23 тамыз күні Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2012 жылы туған бала қолдан жасалған балалар әткеншегінде көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы