424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйдағы оқиғаға байланысты соталды тергеу жұмыстары басталды

  • 180
  • UPD: 13:48, 24.08.2020
Рудныйдағы оқиғаға байланысты соталды тергеу жұмыстары басталды

Қостанай облысының Рудный қаласында 10 автобус жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт бүгін түнде шыққан. Ашық алаңда қаз-қатар тұрған қоғамдық көліктерді лезде от орап алған. Жедел жеткен өрт сөндірушілер 12 автобусты қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Қызыл жалын бір сағаттың ішінде өшірілді. Алайда тоғыз «Мерседес», бір «Лиаз» автобусы толық жанып кеткен. Екі көлік біршама зақымданған. Оқиға бойынша Рудный қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 202-бабы, яғни бөтеннің мүлкін қасқана жою және бүлдіру бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеріс аясында өрт-техникалық сараптама өткізіледі.

Валерий Гричин, Рудный қаласы ТЖ басқармасының бастығы:

- Автопаркке жеткенде жолаушылар автобустарының жанып жатқанын көрдік. Бұл жағдайда қалған қоғамдық көліктерді шұғыл эвакуациялау жөнінде шешім қабыланды. Сөйтіп, 13 автобус қауіпсіз жерге шығарылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы