426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шардарада көпірден құлаған 6 жасар бала суға батып кетті

  • 213
  • UPD: 16:17, 24.08.2020
Шардарада көпірден құлаған 6 жасар бала суға батып кетті

Түркістан облысы Шардара ауданында 6 жасар бала суға батып кетті.

Суға батып кеткен бала туралы хабар 24 тамыз күні сағат 10:25-те келіп түсті, деп хабарлады otyrar.kz Шымкент ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.

Оқиға Қызылқұм магистральді каналындағы Сол жағалау ауылынан 1 км қашықтықта болған. Шардара құтқару пунктінің 5 құтқарушысы 2014 жылы туған баланы іздеуге кірісті. Алдын ала мәліметтер бойынша сағат 09:20-да бала мал жаю кезінде 3 метрлік көпірден байқаусызда құлап, суға батып кеткен. Магистральді каналдың ені 50 м және тереңдігі 2,5 метрді құрайды.

Баланың суға батып бара жатқанын көрген 2011 жылы туған досы оның артынан секірген. Бірақ күшке төтеп бере алмай, өзі де суға батып кете жаздаған. Жақын жерде болған куәгерлер жасөспірімді дереу құтқарып қалды. Қазір ол ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа.

Бірнеше сағаттан кейін Шардара құтқару бекетінің құтқарушылары суға батып кеткен баланың денесін тапты.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да тартылды. іздеуге барлығы 34 адам қатысты.

Хабар 24 телеарнасы