426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көлік қалалық соттың ауласына соғылды

  • 154
  • UPD: 23:50, 24.08.2020
Ақтөбеде көлік қалалық соттың ауласына соғылды

Ақтөбеде №2 қалалық сот алдында жол-көлік оқиғасы болды. Полиция мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 тамыз күні Ақтөбе қаласындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан №2 қалалық сотының алдында жол-көлік оқиғасы болды. «Hyundai» маркалы көлік жүргізушісі негізгі жолға бұрылған кезде қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол кезде алдындағы көлікпен соқтығыспау үшін солға бұрылып, соттың ауласын бұзып өтті. Жол апаты кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Хабар 24 телеарнасы