421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

  • 188
  • UPD: 10:35, 25.08.2020
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Қостанай облысындағы Арқалық – Торғай тасжолында екі «Audi» көлігі соқтығысқан.

Бұл туралы alau.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады

24 тамызда түнгі сағат 01:20 шамасында Арқалық – Торғай жолында 44 жастағы «Ауди-89» көлігінің жүргізуші тізгінге ие бола алмай қарама-қарсы жолаққа түсіп, 20 жастағы жүргізуші басқарған «Ауди А4» көлігімен соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан 44 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Екінші жүргізуші жарақаттармен Арқалық орталық ауруханасына түсті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы