421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте әуе компаниясына қарасты терминал өртенді

  • 168
Шымкентте әуе компаниясына қарасты терминал өртенді

Бүгін Шымкенттегі әуежай маңында орналасқан «SCAT» жеке әуе компаниясына қарасты жаңадан салынып жатқан 4 қабатты терминалда өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «101» қызметіне таңғы сағат 06.55-те хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 13 техникасы мен жеке құрамнан 40 адам және аппаттық медициналық орталығының қызметкерлері жөнелтілді. Сондай-ақ әскери бөлімнен де адамдар мен техникалар жіберілген. Жалын сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы