420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда баласын арыққа тастап кеткен ана іздестірілуде

  • 219
  • UPD: 11:50, 25.08.2020
Алматыда баласын арыққа тастап кеткен ана іздестірілуде

Бүгін түнгі сағат бірде Алматы тұрғыны арықтан бала тауып алды, деп хабарлады Polisia.kz.

Белгілі болғандай, жаңа туған нәрестені Алмалы ауданы Райымбек даңғылы бойындағы арыққа дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасын табу және полицияға тапсыру үшін жедел іздестіру шараларын жүргізуде.

Алматы полициясы нәрестенің биологиялық анасы туралы кез келген ақпарат болған жағдайда дереу хабарлауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы