420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 212 ақбөкенді атқан браконьерлер ұсталды

  • 202
Қарағанды облысында 212 ақбөкенді атқан браконьерлер ұсталды

Олардың Қызылорда облысының тұрғындары екені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды облысының аумағында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз аң аулаған алты азаматың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргіп жатыр. Еске салайық, өткен жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі қылмыстық заңнамаға сәйкес жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер қабылдады. Соған сәйкес браконьерлерге салынатын айыппұл мөлшері көбейді.

Әбіл Әбілдин, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары:

– ҚР қылмыстық кодексінің 337, 339-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, олардан қару-жарақ, автомобильдер мен шабуыл кезінде қолданылған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы