429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тау бөктерінде өрт шықты

  • 171
  • UPD: 18:31, 25.08.2020
Алматыда тау бөктерінде өрт шықты

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар түскі сағат 13.20 түскен. Мамандар құрғақ шөптің өртенгенін анықтаған. Өрт шамамен 1,5 гектарды шарпыған.

«Желдің қатты болуы салдарынан тау бөктеріндегі 4 үйге қауіп төнді. Өрт тұрғын үйлерге 20 метрдей таяп қалған. Дер кезінде қабылданған шаралар өртті сөндіруге мүмкіндік берген. 9 техника, 40 адам жұмылды. Қазіргі таңда өрт сөндірілді.», - делінген хабарламада.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. 

tengrinews.kz

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы