420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жасырын ойынхана ашқандар ұсталды

  • 128
  • UPD: 17:52, 26.08.2020

Қостанай облысының экономикалық тергеу департаментінің мамандары жасырын ойынхана ұйымдастырған үш адамды ұстады. Оларға қатысты сот отырысы өтіп, күдіктілерге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қылмыстың айғағы ретінде тәркіленген ойын карталары мен арнайы үстел және өзге заттар өртелді.

Жамбыл облысының тұрғынынан 100 келі есірткі тәркіленді. «Қарасора» 2020 жедел алдын алу шарасы кезінде Шу ауданынан 30 жастағы ер адам ұсталды. Одан 62 келі кептірілген есірткі мен 40 келіден астам қарасора табылды. Күдіктіге есірткі заттарын дайындап, сақтап сатпақ болғаны  үшін  ҚР 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы