424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды

  • 202
  • UPD: 09:47, 26.08.2020
Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды otyrar.kz

26 тамызда 05:58-де Түлкібас ауданының Машат ауылынан 4 шақырым қашықтықта, яғни республикалық Алматы-Ташкент-Термез автожолының 649-650 шақырымында жол апаты болды.

Алматы-Сарыағаш бағытымен бара жатқан Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылған, деп хабарлайды otyrar.kz. Жол апатына жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуы себеп. Салонда 34 адам, соның ішінде жеті бала бар.  

Сайрам ауданының орталық ауруханасына 17 адам жеткізілсе, қазір соның алтауы ем қабылдап жатыр, соның ішінде екеуінің жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы