426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл түрде қонды

  • 137
  • UPD: 10:18, 26.08.2020
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл түрде қонды

SCAT әуекомпаниясының ұшағы Нұрсұлтан-Алматы рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның баспасөз қызметі DV 734 Нұрсұлтан-Алматы рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.

«Рейсті орындау кезінде экипаж бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері қалыпты болды. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласқан. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», – деді компаниядағылар.

Ұшақты тексерген соң онда құстың іздері анықталды.

«Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр», – деді SCAT өкілдері.

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы