426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы тауда туристің мәйіті 10 метрлік жарықшақтан шығарылды

  • 243
  • UPD: 11:57, 26.08.2020
Түркістан облысындағы тауда туристің мәйіті 10 метрлік жарықшақтан шығарылды

Түркістан облысында «Сайрам» мұздығының басында қайтыс болған 1981 жылғы азаматшаның денесі табылды.

Төлеби ауданында таудағы іздестіру-құтқару операциясы 3 күнге созылған.

Құрамында 10 адам бар Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы құтқарушыларының екі тобы қиын жағдайда «Сайрам» мұздығының басында қайтыс болған 1981 жылғы азаматшаның денесін іздестіру және шығарып алу жұмыстарын жүргізді. Күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және мұз өрмелеу федерациясының 6 альпинисі тартылды, деп хабарлады Шымкент қаласы ТЖД  Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

«Құтқарушылар альпинистермен бірге 25 тамызда сағат 14:50-де қар еру салдарынан пайда болған мұздықтың жарықтарынан қайтыс болған әйелдің денесін тауып алды. Табылған денені алу қиынға соққан. Себебі кез келген уақытта еріген қар түсіп, жарықшақты толтыруы мүмкін еді. Оның тереңдігі 10 метрден асатынын, ені 50 см екенін атап өткен жөн. Тар жарықшақта 6 метр деңгейде тұрып қалған марқұмның денесін шығару өте қиын болды. Құтқарушылар альпинистермен бірге арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып мәйітті шығарып, төменге түсіре алды», - делінген хабарламада.

Қайтыс болған азаматшаның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. 25 тамыз күні құтқарылған 1978 жылғы ер адамның жағдайы қанағаттанарлық. 

Хабар 24 телеарнасы