420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

  • 154
  • UPD: 12:21, 26.08.2020
Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент ақпаратына қарағанда, бүгін таңертең сағат 08:29-да 1976 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан «Hyundai» жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып, апатқа ұшыраған. «Арнайы дыбыс белгісін қосып Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатқан көлік №1 қарама-қарсы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтеді ведомстводан.

 

 

Хабар 24 телеарнасы