420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында аударылған автобус жуық арада жөндеуден өткен

  • 177
  • UPD: 13:35, 26.08.2020

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жолаушылар автобусы аударылды. Жол көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 06:30 шамасында болған.

Дәрігерлердің хабарлауынша, апаттан зардап шеккен 25 адам ауруханаға түскен. Олардың жетеуі бала, үшеуі облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, төртеуі амбулаторлық ем қабылдауда.

Жолаушылардың бірі жүкті әйел екен, ол облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді, жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр. Тағы 3 ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұған дейін полиция департаменті автобуста 21 жолаушы мен жүргізуші болды деп хабарлаған. Бұдан бөлек автобус Алматыдан Сарыағашқа күрделі жөндеуден кейін енді шыққан дейді.

Алдын ала мәліметтер бойынша апат қолайсыз күн райы салдарынан болуы мүмкін. Сарыағаш ауданына бет алған автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың оң жақ жиегіне шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы