426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау іргесіндегі өрт «Ақжайық» резерватына жетті

  • 249
Атырау іргесіндегі өрт «Ақжайық» резерватына жетті

Осыдан 4 күн бұрын Атырау іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінің маңынан басталған өрт «Ақжайық» резерватының аумағына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қазір 10 гектар жердегі қамыс өртке ораныпты. Оның 5 гектар жері резерват аумағы, ал қалғаны өрттің негізгі ошағы – Кеңөзек ауылдық округінің жері. Бүгін өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен алысып жатқанына төртінші күн болды. Аумақтың сулы әрі батпақты болуынан өрт сөндіру көліктері жақындай алмай отыр. Бірақ жауаптылар тілсіз жауды толықтай бүгін өшіреміз дейді. Өрттің шығу себебі мен келген шығыны толық сөндірілгеннен кейін ғана анықталады.

Хабар 24 телеарнасы