426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды

  • 368
  • UPD: 19:36, 27.08.2020
Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды

Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасаған азаматша ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияға өңірдегі Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарынан барлығы 74 тұрғын арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісай аудандық полиция бөліміне қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен сол ауданның тұрғыны жеткізілді. Сондай-ақ оның екі сыбайласы, Мақтаарал ауданының тұрғындары да ұсталды. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында олардың кеңсесінен құжаттар, жабдықтар, компьютерлер және басқа да айғақты заттар тәркіленген. Бүгінгі таңда арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлердің айтуынша, жәбірленушілердің саны әлі де артуы мүмкін. Қазір шығын көлемі анықталуда. Өз кезегінде полицейлер азаматтарға «жеңіл ақша» табуды ойлап, кез келген бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін ескертеді.

Қайрат Дәлбеков, облыстық ПД бастығы:

- Тергеу амалдары жүргізілуде. 70-тен астам адам полицияға арызбен келді. Қаржы пирамидасын ашқан үш азамат ұсталып, қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы