420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да трактор аударылып, жүргізуші көз жұмды

  • 173
  • UPD: 16:58, 27.08.2020
СҚО-да трактор аударылып, жүргізуші көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында «К-700» тракторы аударылып, 43 жастағы механизатор қаза болды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға Тайынша ауданының Қарағаш ауылында болған.

24 тамыз күні Тайынша ауданы полиция бөліміне Қарағаш ауылының шетінде орналасқан ЖШС шөп үйетін аумағында сағат 17:00 шамасында «К-700» тракторы аударылып қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орына шыққан жедел тергеу қызметкерлері механизатордың сүрлем сақтайтын қамбада ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізіп жатқан кезінде аударылып, кабинасына төңкеріліп тұрып қалғаны анықталды. Трактордың кабинасын ашу барысында 43 жастағы жүргізушінің алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы