424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда полиция көлігіне соғылған машина жүргізушімен бірге өртеніп кетті

  • 186
  • UPD: 20:53, 27.08.2020
Алматыда полиция көлігіне соғылған машина жүргізушімен бірге өртеніп кетті

Алматыда жантүршігерлік көлік апаты болды. Күндізгі сағат үш кезінде  Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан «Ниссан Премьера» автокөлігі әл-Фараби даңғылы бойында тұрған полиция патрулінің көлігімен соқтығысты.

Соққының қатты болғаны соншалық патруль көлігі шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан «Мерседес» көлігін қаққан. Салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, қалалық 7-клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ал сол жерде жанып кеткен «Ниссан» автокөлігін өрт сөндіру қызметі өшіріп үлгіргенімен көліктің ішінен өртеніп кеткен адамның денесі табылды. Қазір оның жеке тұлғасы, сондай-ақ көліктің не себепті тоқтай алмағаны және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы