421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей әкімдігінің ғимаратына жарылғыш қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

  • 355
  • UPD: 19:43, 27.08.2020
Семей әкімдігінің ғимаратына жарылғыш қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

«Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына жарылғыш қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты.

Жедел-іздестіру шарасы барысында 170 адам тысқа шығарылған. Ғимарат маңы қоршалды. Арнайы мамандар нысанның барлығын тексеріп шыққан. Алаңдауға негіз жоқ. Бұл туралы әкімдіктің ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Естеріңізге салайық, бүгін түсте әлдекім «102» желісіне қоңырау шалып, «әкімдікте жарылғыш бар» деп жұртты дүрліктірген. Қазір оның кім екені анықталып, тергеліп жатыр. Қылмыстық Кодекстің 273-бабына сәйкес мұндай әрекет үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы