421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда скутер жүргізушісін көлік қағып кетті

  • 218
  • UPD: 14:22, 28.08.2020
Қостанайда скутер жүргізушісін көлік қағып кетті

27 тамыз күні сағат 21:14-те 102 пультіне Қостанайдағы Абай – Бауман көшелерінің қиылысында «Mercedes-Benz» көлігі мен скутердің қатысуымен апат болғаны туралы хабарлама түскен.

«Mercedes-Benz» көлігінің 43 жастағы жүргізуші Абай – Бауман көшелерінің қиылысында солға бұрылатын жерде скутерге жол бермей, 18 жастағы скутер жүргізушісін қағып кеткен, деп хабарлады alau.kz.

Апат салдарынан дене жарақатын алған скутер жүргізушісі облыстық ауруханаға жатқызылды. Апат бойынша деректер жиналды.

Хабар 24 телеарнасы