429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар Оралдағы қолдан жасалған шағын ұшақ апатының себебін анықтап жатыр

  • 256
  • UPD: 20:39, 28.08.2020
Мамандар Оралдағы қолдан жасалған шағын ұшақ апатының себебін анықтап жатыр

Таңертең Орал қаласының маңында қолдан жасалған шағын ұшақ құлап, 69 жастағы Павел Ерошенко опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір адамдық құрылғыны құрастырған, басқарған да осы азамат. Туыстарының айтуынша, Павел ұшқыш болған. Осы ұшу аппаратын 10 жыл бойы жинаған екен. Алғашқы сынақ өткен аптада сәтті өтіпті. Қазір мамандар апатқа не себеп болғанын анықтап жатыр.

Ақылбек Ахметжанов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Сериялық модельдерге жатпайды, өзі істеген, қолынан құрастырылған болғандықтан, ешқандай моделтге жатпайды. Бір кісілік ұшу аппараты. Қазіргі таңда оның қуатын зерттеп қарайды, апаттың неден болғанын анықтаймыз. Рұқсат болатын болса, ол тиісті органдардан жаңағыдай белгілі нөмірі болады, аэропорттың, басқа жерлердің ұшу, көтерілу үшін рұқсат алынады, ондай ештеңе жоқ.

Хабар 24 телеарнасы