424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда аспанын тұмшалаған түтіннің себебі анықталды

  • 261
  • UPD: 12:50, 29.08.2020
Елорда аспанын тұмшалаған түтіннің себебі анықталды

2020 жылғы 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында түтіннің пайда болуы туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаларға байланысты 2020 жылғы 28-29 тамыз аралығында елорданың атмосфералық ауасында «Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің деректері бойынша шекті рұқсат етілген нормадан асу байқалды.

1) № 6 ЛББ (Ақжол к-сі, «Астана Тазалық» сарқынды су тұндырғышының ауданы) сағат 21:20-дан 03:00-ге дейінгі кезеңде өлшенген бөлшектері бойынша РМ-2,5 – 1,7 ШЖШ – ға дейін; сағат 21:20-дан 02:00-ге дейінгі кезеңде өлшенген бөлшектері бойынша РМ-10 – 1,1 ШЖШ-ға дейін;

2) № 7 ЛББ (Түркістан к-сі 2/1) сағат 00:20-03:00 аралығындағы кезеңде күкіртсутегі бойынша – 1,75 ШЖШ-ға дейін; сағат 23:00-ден 02:40-қа дейінгі кезеңде өлшенген бөлшектері бойынша – РМ-2,5 – 2,4 ШЖШ-ға дейін;

3) № 8 ЛББ (Көктал-1, Бабатайұлы к-сі, 24) өлшенген бөлшектері бойынша сағат 00:00-де РМ – 2,5 – 1,1 ШЖШ-ға дейін.

Қалған заттар бойынша асып кету тіркелген жоқ.

Жалпы қала бойынша 10 ШЖШ-дан астам және 50 ШЖШ-дан астам экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД хабарлауынша, Целиноград ауданында Тайтөбе ауылынан 5 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатыр, жану алаңы 250 шаршы метр.

Елордада антициклональды ауа райы байқалады, ауа райы желсіз және жауын-шашынсыз. Биіктікте атмосферада ластаушы заттардың таралуына жол бермейтін инверсия қабаты байқалады.

Нұр-Сұлтан қаласында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 10 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 қолмен сынама алу бекеті және 6 автоматты бекет. 10 көрсеткіш анықталады: 1) Қалқыма бөлшектер (шаң), 2) РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, 3) РМ-10 қалқыма бөлшектері, 4) Күкірт диоксиді, 5) Азот диоксиді, 6) Азот оксиді, 7) Көміртегі оксиді, 8) Күкіртсутек, 9) Фторлы сутегі, 10) Сульфаттар.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы