424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жер үйдегі өрттен төрт адам қаза тапты

  • 233
  • UPD: 13:12, 29.08.2020
СҚО-да жер үйдегі өрттен төрт адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында өрт шығып, бүтін бір отбасы қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ильинка ауылында болған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тілсіз жаудан жер үй түгел жанып, 4 адам тіл тартпай кетті. Оның біреуі 4 жастағы бала. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 400 шақты өрт оқиғасы тіркелді. 

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Ильинка ауылы мен аудан орталығының арасы 42 шақырым. Сондықтан жолға бір сағаттай уақыт кетті. Біз келгенше оқиға орнында жергілікті шаруашылықтың техникасы жұмыс істеп жатты. Өрт таңғы 5-тен 47 кеткенде сөндірілді. Өкінішке орай, үйде болған 4 адам қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы