429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий теңізінде жер сілкінді

  • 232
  • UPD: 07:45, 01.09.2020
Каспий теңізінде жер сілкінді

31 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:35-те Каспий теңізінің Түрікменстан жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің кіндігі 8 шақырым тереңдікте болып, ошағы Түрікменбашыдан 114 шақырым жерде өтті.

Табиғи апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы