426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда атыс болды: бір адам көз жұмып, екеуі ауруханада жатыр

  • 168
  • UPD: 09:41, 01.09.2020
Қарағандыда атыс болды: бір адам көз жұмып, екеуі ауруханада жатыр novoetv.kz

Қарағандыда атыс болып, үш адам ауруханаға жатқызылды. Салдарынан біреуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz.

«31 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға қаланың үш тұрғыны жатқызылып, біреуі алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды», – делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы