426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде екі жасөспірімді көлік қағып кетті

  • 194
  • UPD: 14:26, 01.09.2020
Ақтөбеде екі жасөспірімді көлік қағып кетті

Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлады Polisia.kz.

30 тамызда 23 жастағы «Ваз 21102» автокөлігінің жүргізушісі Иманов көшесі жағынан Арынов көшесі бойымен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, тоғыз жастағы қызды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған бала Ақтөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен соң үйіне жіберілді.

Сол күні сағат 20:05-те 44 жастағы «Hyundai Solaris» автокөлігінің жүргізушісі Ливенцов және Маресьев көшелерінің қиылысында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, алты жастағы баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы