420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бес көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

  • 196
  • UPD: 10:20, 03.09.2020
Алматыда бес көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды sputniknews.kz

Алматыда Абай даңғылының бойында ірі жол-көлік апаты болды.

Абай көшесінің бойымен келе жатқан  Toyota Corolla көлігі Абылай Хан көшесіне жетпей Toyota Camry көлігіне соқтығысты.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Corolla жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болып әрекеттенгенде, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған Toyota Yaris көлігін соққан, деп жазады sputniknews.kz.

Соққының салдарынан Yaris жанында тұрған Mercedes 190 көлігіне соқтығысқан. Ал Toyota Corolla темір қоршауды бұзып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes S-Class көлігін соққан.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, дәрігерлер Toyota Yaris көлігінде болған жүкті әйелді тексерді. 

Жол апатына куә болған адамдардың айтуынша, Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі мас күйде болған.

Хабар 24 телеарнасы