429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір тәулікте үш бала терезеден құлап кеткен

  • 150
  • UPD: 11:11, 03.09.2020
Бір тәулікте үш бала терезеден құлап кеткен Таза Ел

2 қыркүйекте елімізде балалардың терезеден құлауының 3 оқиғасы тіркелді.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала құлап кетті. Алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.

Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Павлодар облысының Қалқаман ауылында төрт қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған төртінші қабаттың терезесінен 2016 жылы туған бала құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, балалардың құлауы көбіне балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдыру және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлы қарауы себебінен болады. Көбінесе балалардың құлауы күндізгі уақытта болады.

Хабар 24 телеарнасы