426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда полицейлер 16 жастағы қызды суицидтен құтқарды

  • 192
  • UPD: 13:40, 03.09.2020
Нұр-Сұлтанда полицейлер 16 жастағы қызды суицидтен құтқарды tengrinews.kz

Полицейлер 2 қыркүйек күні Сарайшық көшесінің бойындағы көпірден секірмекші болған жасөспірім қызды құтқарды.

Қыздың көпірден секірмекші болғанын мән-жайды көрген адамдар хабарлаған. Көп ұзамай көшелерде орналасқан бейнебақылау арқылы қызметкерлер сол орынды тауып алады. 5 минуттың ішінде патрульдік полиция қызметкерлері келеді. Қызды құтқармақшы болған полицейлерге жасөспірім қарсылық танытып, жақындамауды өтінеді. Алайда жедел түрде әрекет жасап, қызды аман алып қалған полицейлер оны Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізіп, ата-анасына табыстады. Қазір психологпен жұмыс істеуде

Ал құтқарушы қызметкерлер Полиция департаментінің марапатына ие болады.

Хабар 24 телеарнасы