426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мас адам бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген

  • 184
  • UPD: 15:07, 03.09.2020
Алматыда мас адам бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген

Алматыда мас адам бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберді, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға Алматының Түрксіб ауданында болған. Жергілікті тұрғын автокөлігін дүкеннің алдына тастап кеткен.

«1994 жылғы мас күйдегі ер адам соны пайдаланып көлікті айдап кеткен. Біраз уақыттан соң көлік сол маңайдан табылды. Ұры оны өртеп жіберген, өртемес бұрын көліктің қозғалтқышын, аккумуляторын, басқа да бөлшектерін шешіп алған. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Көліктен алынған қосалқы бөлшектер иесіне қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы