424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көп қабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

  • 170
  • UPD: 16:59, 04.09.2020
Алматыда көп қабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

Алматыда көп қабатты үйдің бір жақ қабырғасының сыртқы қаптамасы опырлып түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүгін түскі сағат 12:55-те Төтенше жағдайлар департаментіне Алатау ауданы «Зерделі» ықшамауданы, 1/36 мекенжайында қатты желдің салдарынан 5 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлағаны туралы хабарлама түсті. Үйдің батыс жағында 40 шаршы метр аумақта қаптамасы опырылып түскен. Зардап шекендер мен қаза тапқандар жоқ», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Үйдің жан жағына қоршаулар қойылды.

Хабар 24 телеарнасы