424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ірі мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

  • 252
  • UPD: 08:12, 05.09.2020
Түркістан облысында ірі мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Олар 2019-2020 жылдары өңірдегі алты ауданда 20 бас ірі қара мен 58 бас жылқыны қолды еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақыт аралығында Сарыағаш, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы аудандық полиция бөліміне 23 адам арызданған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз тұлғалар олардың малдарын қора-жайлары мен жайылымнан айдап әкеткен. Осылайша, баукеспе ұрылар жәбірленушілерге 40 млн теңгеге жуық шығын келтіріпті. Аталған іс бойынша аудандық полиция бөлімдерінде жедел-тергеу тобы құрылып, іздеру шаралары басталған. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, мал саудасымен айналысатын адамдары мұқият тексеріп шыққан. Нәтижесінде жедел уәкілдер екі бірдей қылмыстық топтың ізіне түсіп, оларды Сарыағаш, Төлеби аудандары мен Шымкент қаласындағы тұрғылықты мекенжайлары бойынша ұстады. Белгілі болғандай, 8 адамнан құрылған қылмыстық топтың бірі ұрланған малды жүк көлігімен жеткізіп берсе, екіншісі соларды қамайтын қора-жайларды жасырып ұстап отырған. Бүгінгі таңда 8 күдікті қамауға алынды. Олардан 42 бас жылқы тәркіленіп алынып, өз иелеріне қайтарылды.

Сұлтанбек Үсіпбеков, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Күдіктілердің барлығы бұрын ұрлық жасап сотты болған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабымен ұрлық фактісімен қамауға алынып, сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы